Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты мешіттерінде қасиетті Құрбан айт намазы оқылды. Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов сөз алып, қала тұрғындары мен қонақтарын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы құттықтау сәлемін жеткізді.
Мешітке келген жамағатқа айт намазынан кейін мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ұлттық ойындарының жарыстары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, кір тасын көтеру, ләңгі тебу, асық ату, арқан тарту, т.б.
Сондай-ақ, мешітке келген жамағатқа бауырсақ пен түрлі тәттілер ұсынылды. Жаңадан келген кішкентай бүлдіршіндерге сыйлықтар үлестірілді. Қасиетті Құрбан айт құтты болсын!
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі





























