
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркістан облысы бойынша Бас имамы Ержан Сматұлы Төлеповке Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Алғыс хатты Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров табыстады.
Марапат Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін Түркістан қаласында жоғары деңгейде ұйымдастыруға қосқан елеулі үлесі үшін берілді.
Мемлекет басшысының Алғыс хатында Ержан Сматұлының ауқымды халықаралық іс-шараны сапалы ұйымдастыру барысында өзіне жүктелген маңызды міндеттерді жауапкершілікпен атқарып, еліміздің халықаралық беделін арттыруға қосқан үлесі ерекше атап өтілген.
