Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мешіті мен қалалық Зекет қайырымдылық қоры қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай «Раббың үшін Құрбан шал!» атты қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Қайырымдылық шарасына шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы бастаған аудан бас имамдары қатысты. Әуелі жиналған жұрт алдында қасиеті Құран оқылып, бата жасалды. Осыдан кейін Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы қолдау көрсеткен азаматтарға арнайы алғыс айтып, ризалық білдірді.
Жалпы қайырымдылық шарасы барысында 1560 аз қамтылған мұқтаж, көп балалы отбасылар, жетім-жесірге ет өнімдері үлестірілді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі









