Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ «ИМАНИ ЖАЗ – 2026» ЖАЗҒЫ ДІНИ САУАТ АШУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент орталық мешітінде «Имани жаз — 2026» атты жазғы діни сауат ашу маусымының ашылу шарасы өтті.
Курс жұмыстарын ҚМДБ Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Абдрахманов, Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров, қалалық діни оқу ағарту саласына жауапты маман әрі найб имам Қазыбек Сарыбаевтар қатысып сәттілік тіледі.
Ал курс жұмыстарын Нұрсұлтан Мамедалиев, Әзімбек Қарабеков, «Әйел-қыздар» секторының ұстазы Балжан Досжанова бастаған ұлағатты ұстаздар дәріс жүргізуде.
Курс барысында ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бөлімінің тарапынан әзірлеген «Балаларға жазғы лагер курстарының оқу бағдарламасы» құжаты негізінде «Муалим сәни», «Құран әліппесі», «Әдеп» және «Имандылық әліппесі» кітаптары негізінде дәрістері өткізіледі.
Жалпы, бүгінгі таңда қала бойынша 100 мешітінде күндізгі діни сауат ашу курсында шәкірттер тәлім алады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі