Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында 1 маусым — Балалардың құқықтарын қорғау күніне арналған мерекелік шаралар ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, Ахметжан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров, ардагер имам Бекайдар Әміре, Айбек Азимбаев бастаған имамдар мен қатар қалалық Зекет және қайырымдылық қорының өкілдері мен Жастар ісі секторының мамандары қатысып, атсалысты.
Мерекелік шаралар қаланың бірнеше орындары мен саябақтарында жалғасын тапты. Жалпы қайырымдылық шарасы барысында 550 балаларға балмұздақ, түрлі тәттілер мен сыйлықтар таратылды. Мұнымен қатар, әткеншектер мен т.б ойындарына арқылы қуаныш сыйлайды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі