Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ АЙТ КҮНДЕРІ ТЕГІН ТАКСИ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына сәйкес,
қасиетті Құрбан айт мерекесі күндері Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен қалалық Зекет қайырымдылық қорының ұйытқы болуымен тегін такси қызметі ұйымдастырылды.
Игі шара аясында айт намазына келген азаматтар мен қатар айт күндері арнайы белгіленген орында сойылған ет өнімдерін мұқтаж отбасылардың үйлеріне жеткізіп беру қызметін көрсетті. Айта кететін болсақ, аталмыш шараға 158 азамат өз көліктерімен ерікті түрде қызмет жасады. Бұл игі шараға ел риза болып алғыстарын білдірді. Алла Тағала разы болсын!

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі