
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы ресми өкілі, «Талаба» студенттер қауымдастығының жетекшісі Абдурашит Зиядинұлы Конья қаласында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті.
Кездесу аясында жастар Коньяның тарихи-мәдени орындарын аралап, рухани-танымдық саяхатқа қатысты. Сонымен қатар студенттер арасында достық футбол матчы ұйымдастырылып, өзара бірлік пен бауырмалдық нығайтылды.
Жүздесу барысында Абдурашит Зиядинұлы студенттердің оқу барысы мен хал-жағдайына қызығушылық танытып, жат елде ұлттық болмыс пен дәстүрлі Ислам құндылықтарын сақтаудың, сондай-ақ жат ағымдардың ықпалынан сақтанудың маңызын атап өтті.
Студенттер өз кезегінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған ҚМДБ мен Түркиядағы өкілдікке көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғыстарын білдірді.
