Skip to content

«Салт-дәстүрімізде Құрбан айтта әйел кісілердің орны» атты тағылымды іс-шара өткізілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бастамасымен жарияланған «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Шымкент қаласы, Қаратау ауданы аумағындағы Мұхаммед Нұр мешітінде «Дәстүр және отбасы» бағыты бойынша «Салт-дәстүрімізде Құрбан айтта әйел кісілердің орны» атты тағылымды іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен асыл дәстүрлері, Құрбан айт мерекесіндегі әйел-аналардың тәрбиелік әрі рухани рөлі кеңінен насихатталды. Сонымен қатар, отбасы берекесін сақтау, ұрпақ тәрбиесіндегі ананың орны, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеудің маңыздылығы жөнінде насихат айтылды.

Кездесу барысында қатысушылар рухани әңгімелер тыңдап, Құрбан айттың ізгілікке, мейірім мен татулыққа үндейтін мән-маңызы жайлы ой бөлісті. Іс-шара соңында жамағатқа ізгі тілектер айтылып, арнайы дастарқан жайылды.