Skip to content

БАС МҮФТИ ЕЛТАҢБА АВТОРЫ ЖАНДАРБЕК МӘЛІБЕКОВТІ ҚҰРБАН АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Құрбан айт мерекесінің екінші күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі сәулетші, Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібековтің шаңырағына арнайы барып, Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Кездесу барысында Бас мүфти ардақты ақсақалға ізгі тілегін білдіріп, халқымыздың рухани тұтастығын нығайту жолындағы еңбегіне алғыс айтты. Сондай-ақ қасиетті Құрбан айттың қоғамдағы бірлік пен бауырмалдықты арттыратын ерекше мейрам екенін атап өтті.

Өз кезегінде Жандарбек Мәлібеков көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, ел амандығы мен жұрт тыныштығына тілектестік білдірді.