Skip to content

Наиб мүфти халықаралық конференцияға қатысты

Астана қаласында Қазақстандағы Рухани келісім күніне орай «Адам, табиғат және технологиялар үйлесімі» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Халықаралық конфессияаралық және дінаралық диалог орталығы ұйымдастырды.

Конференцияда рухани келісім мен бейбіт қатар өмір сүру құндылықтарын ілгерілету, адам мен табиғаттың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету және технологияның адамзат игілігіне бағытталуы жөнінде маңызды пікірлер айтылды.

Аталған жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төраға орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы қатысып, баяндама жасады.

Шара соңында қатысушылар қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайту жолында бірлескен іс-қимылдың маңызын атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *