Жалпы алғанда теология мен әр турлі ғылым салалары арасындары негізгі ғылыми қайшылыктар «дін» ұғымына байланысты. Теология ғылымында «дін» ұғымына қатысты екі жүзден астам анықтамалар бар, олар әр турлі түсініктер мен сенімдердің, діни ағымдар мен діни секталардың барлығын қамтиды. Алайда әр түрлі ғылым салалары арасындағы «дін» ұғымына қатысты зертеулер әлі де аз. Көбінесе бұл құбылысты философия, әлеуметтану, тарх және психология салаларының өкілдері зерттейді. Ақиқатында «діни экстремизм» ұғымына байланысты теолгия мен әр түрлі ғылым салалары арасындағы ғылыми қайшылықтар «дін» ұғымының ғылыми тұрғыдан зерттелмегендігімен түсіндірілсе керек. Ендеше осы тұрғыда біз «дін» ұғымына қатысты біршама ой қорытындылаған дұрыс деп санай келе танымның «ішкі», «сыртқы» және «ортақ» қырлары жиынтығының натжесінде қалыптасқан түсіністік аппаратына көңіл бөлейік.
Танымның «ішкі» қырлары бойынша «дін» ұғымы туралы түсініктік аппаратының қалыптасуын төмендегідей дәлелмен түсіндіруге болады: ол жін негіздеріне сәйкес келмейтін діни ұйымдар мен секталардың діни сенім негідеріне тән. Осындай құрылымдардың діни сенім негіздері, діни сенімбойынша көзқарастары, ұстанған діни тәртіптері мен салттары шынайы дінні сенім қағидаттарына сә»кес келмейді, керісінше оларға қайшы, сондықтан олар дін ұғымына толыққанды және дұрыс, бұрмаланбаған анықтама бере алмайды. Шынтуайтына келгенде діни ұйымдар мен секталардың негізі діни харизмалық тұлғалар тарапынан, олардың сенімі мен ой пікірлері арқылы негізделіп құрылатындығы және бекитіндігі белгілі. Демек, діни харизмалық тұлғалардың субьективтік өзіндік сенімі мен ой ікірлері бойынша діни сенім негіздеры қалыптасатындықтан, танымның «ішкі» қырларына қатысты арнайы түсініктік аппарат та пайда болады. Бірақта ғылымның, әсіресе позитивтік теология ғылымының мұндай түсініктік аппараты қолдану мәселесін обьективті түрде шешуге ешбір әлеуеті жетпейді.
Діни терроризм халықаралық қауымдастық пен қоғамдардың шеңберінде халықаралық-құқықтық категориялық құылысы ретінде тек діни сипаттағы радикализм мен экстремизм құбылыстарының салдарынан, бір немесе бірнеше діни террористік ұйымдардың иделогиялық базарларында немесе мемлекеттердің тікелей не жанама түрде қолдауымен яки халықаралық қылмыстық қауымдастықтардың ынтымақтастығы арқылы пайда болған.Ол ең шеткі діни террористі көзқарастар мен іс-әрекеттерді жақтаушылары болып табылатын, өзге дүниетанымдарға, діни сенім мен діни ұстанымдарға шыдамсыздықпен қарайтын, халықаралық шарттар мен ұлттық заңнамалар талаптарына қасақана қарсы, дәстүрлі діндердің қағидаттарына қайшы ниет пен мақсатты арнайы ұстанады.
Қорытындылай келе айтарымыз, ақпараттық тұрғыдан ашық қоғамда елімізде қалыптасқан рухани құндылықтарымызды сақтап қалу, оны бүлдірмеу, бүлік салдырмау басты мақсатымыз. Жат ағымдара тосқауыл қоюда қоғамдағы дін мәселелерін зертте, сараптама жасаудың маңызы зор. Деструктивті ұйымдарға күрестің бірден бір жолы-діни сергектік діни сауаттылық.
Шымкент қ. Дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»
КММ интернет кеңістігіндегі діни экстремизмнің
Алдын алу және үйлестіру бөлімінің басшысы:
Абдукаримов А