Skip to content

Ұлттық мәдениет және өркениет.

Ұлттық мәдениет пен өркениет – бүкіл қоғамдық өмірді қамтуы ешкімге жасырын емес. Ұлттық мәдениетке кіретін нәрселер түрлі әдіс-тәсілмен, адамдардың қалауымен қылаптаспаған. Яғни жасанды емес. Өсімдіктердің, жануарлардың органикалық өмірі қалай өздігінен және табиғи түрде дамитын болса, ұлттық мәдениетке кіретін нәрселердің қалыптасуы мен дамуы да дәл сондай. Мысалы, тіл жекелеген адамдардың ойлап шығаруымен жасалған нәрсе емес. Тілдің бір сөзін де өзгерте алмаймыз. Оның орнына басқа бір сөз тауып қоя алмаймыз. Сондай-ақ тілдің өз құрылысынан туындайтын ережелердің біреуін де өзгерте алмаймыз. Тілдің сөздері мен ережелері тек өзіндік жеке қасиеті арқылы өзгереді. Біз бұл өзгерістерді тамашалаушы ғана болып қаламыз. Бір сөзбен мәдениет деп те атауға саяды, өркениет жемісі деуге де болады.

Адамдар тілге кейбір жаңа сөздер мен терминдерді ғана енгізе алады. Бірақ бұл сөздер оларды пайдаланушы кәсіп иелері, жапы халық тарапынан мойындалуы тиіс. Яғни бүкіл халық мойындағанда ол халыққа ортақ сөздер қатарына қосыла алады.

Табиғи сөздер қоғамның, ал жаңа сөздер жеке адамның туындысы. Бір адам тапқан бір сөз кейде өте қысқа мерзімнің ішінде халық арасына тарауы мүмкін. Бірақ ол сөзге таралу күшін берген сол сөзді ойлап тапқан адам емес. Қоғамның адамдарға белгісіз жасырын сыры.

Демек, ұлттық мәдениет пен өркениеттің бір-бірінен айырмасы – мәдениеттің сезімдерден, өркениеттің болса мәліметтерден құралатындығында. Адам сезімдері белгілі бір шарттарға және қалау-тілекке бағынбайды. Бір ұлт басқа бір ұлттың моральдық және эстетикалық сезімдеріне ілесе алмайды.

Исламият кезінде түріктердің бойында Аллаға деген сүйіспеншіліктің жоғары болуы осы көне дәстүрдің жалғасы. Сұлулыққа, жақсылыққа қатысты уағыз айтатындардың тыңдаушыларының барған сайын көбейіп, тозақ туралы уағыз жүргізетіндердің тыңдаушыларының үнемі азайып отыратынын көрсетеді. Түріктің көне дінінде қалай болса солай ебедейсіз табыну болмаған, эстетикаға, моральға үйлесімді салтанаттар көптін. Осының нәтижесінде исламият кезінде түріктердің иманы өте күшті, діни сезімі өте терең болып, олар фанатиктеріне табыну мен әсіре сезімнен жырақ тұрды. Түріктердің мешіттерде діни өлеңдер (иләһилер) мен мәуліт оқып, ал (ғибадатханаларында) поэзияға, сазға (музыкаға) үлкен мән беруі – эстетикалық діни сезім үлгісіне деген ықыласынан.

Ұлттық мәдениет пен өркениет арасындағы тағы бір байланыс мынау: әрбір қауымның әуелде жалғыз мәдениеті болады. Бір қауым мәдениет тұрғысынан жоғарылаған сайын саясатта да жоғарылап, күшті мемлекет құрайды. Екіншіден, мәдениеттің жоғарылауынан өркениет туа бастайды. Өркениет әуелде ұлттық мәдениеттен туады да, кейін көрші ұлттардың өркениетіне тән кейбір өзгешеліктер қабылдайды. Бірақ қоғам өркениетінің жылдам қарқынмен дамуы зиянды.

Адамда ақыл қандай болса, қоғамда өркениет те сондай. Қоғамдағы мәдениет те солай болады. Абай атамыздың айтқан қарасөздері бүгінде мағынасын жоғалтпай, өз заманындағыдай көкейтесті болуының себебі де осы. Сондықтан мәдениеті жоғары халық екенімізді дәлелдеп қана қоймай, іспен көрсететін уақыт келді.

  Бұркітбай Берік,

Оңалту жұмыстары

және діни психологиялық қолдау бөлімінің теологы