Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты «Таскен» мешітінде сегіз күн бойы өткен тағылымды дәрістер топтамасы өз мәресіне жетіп, соңынан «Бірлігі жарасқан жамағат» атты рухани жиын ұйымдастырылды.
Жиынға Орталық «Aqmeshit» мешітінің ұстазы, РАНТ мүшесі Нұрсұлтан Орынбайұлы, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінің наиб имамы Шыңғыс Жұмабайұлы және Қаратау аудандық тәртіптік кеңесінің мүшесі, «Ар-Рахим» мешітінің имамы Руслан Ерменбаев қатысты.
Кездесу барысында Шыңғыс Жұмабайұлы ілімнің адам жүрегіне жету жолдары туралы мазмұнды насихат айтып, жамағатқа терең ой салды.
Жиын соңында қасиетті Құран аяттары оқылып, Руслан Ерменбаев ақ батасын берді. Рухани кештен әсер алған жамағат ризашылықпен тарқасты.





