Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ САЛТ — ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы Абай аудандық Кенесары хан мешітінде қасиеті Құрбан айт қарсаңында дін мен дәстүр жұмысын насихаттауға арналған оқу-жаттығу семинары өтті.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылады семинарға шаһар бас имамы Бақдәулет Абдрахманов атынан найб имам Ахметжан Керімбек, қалалық Халал Даму мекемесінің басшысы Қазыбек Сарыбаев және аудан бас имамы Мұхамеджан Естеміров, қалалық Уақып қорының жетекші Ералы Есенгелдиев, абайтанушы Әзімхан Исабек т.б аудан имамдары қатысты.
Семинар барысында қалалық дәстүр және отбасы бағытының жетекшісі Ахметжан Керімбек арнайы баяндама жасады. Мұнымен қатар, жоспары мен атқаратын жұмыстар талқыланды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді. Кездесу барысында аудандық Кенесары хан мешітінің бас имамы Мұхамеджан Естеміров баяндамашы мамандарға алғыс айтып ризалық білдірді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі