Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы бойынша дін қызметкерлері арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Әбдірахманов атынан Ахметжан Керімбек, Мұхамеджан Естеміров, Исламқұл Иманқұлұлы, Спорт секторы Ербол Қалшабек және аудан бас имамдары мен ұстаздары қатысты. Жарыс барысында Шаһар бас имамы орынбасары Ахметжан Керімбек команда мүшелеріне сәттілік тіледі.
Жалпы жарысқа 5 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І-Орын Қаратау тобы
ІІ-Орын Әл Фараби тобы
ІІІ-Орын Еңбекші тобы иеленді
Турнир аясында қатысушыларға дін мен дәстүр бойынша сыйлықтар табысталып, мазмұнды уағыз-насихат айтылып, берекелі дастархан жайылды.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі










