Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласында орналасқан Шымкент медресе колледжінде «Жастар және отбасылық құндылықтардың рөлі маңызы» атты рухани танымдық жастар форумы өтті.
Тұңғыш ұйымдастырылған форум қасиетті Құран оқып, бата берумен басталды. Форум жұмысын дін мен дәстүр саласының жетекшісі Самат Сапарханұлы жүргізіп отырды.Басқосуда алғашқы сөз шаһар бас имамы Бақдәулет Абдрахманов сөз алып, жастарға арналған баяндама жасады. Сондай-ақ ардагер имам Бекайдар Әміре өте мазмұнды насихат айтты. Мұнымен қатар, РАНТ мүшесі Дастан Желеуов, найб имам Ахметжан Керімбек, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, қалалық Жастар ісі секторының жетекшісі Әзімбек Қарабеков қатысып, ойларын ортаға салды. Форум аясында қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылады форумда жастар тәрбиесі, жат ағымдардың алдын алу, дін мен дәстүр, т.б өте маңызды мәселелерді айтылды.
Игі шара аясында баяндама жасап, ойларын ортаға салған азаматтарға Шымкент медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай алғыс айтып ризалық білдірді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі


















