Skip to content

ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА УАҚЫП НАСИХАТТАЛДЫ

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлы баяндамасы аясында, Шымкент қаласы Абай аудандық Кенесары хан мешітінде ақшам намазы алдында Уақып сарқылмас қазына тақырыбы бойынша уағыз-насихат ұйымдастырылды.
Игі шараға қалалық Уақып қорының жетекшісі, Шымкент қаласы Абай ауданы Темірші ата мешітінің бас имамы Ералы Есенгелдиев арнайы қатысып жамағатқа Уақып қорының мақсаты мен міндеттерін түсіндіріп берді. Сондай-ақ жуырда жарық көретін Қазақ Құран кітабы туралы атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндады.
Сондай-ақ, кездесу аясында жамағат сұрақтарына жан-жақты жауап берілді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі