Шымкент қаласы Аль-Фараби ауданы Ордабасы мешітінде Құрбан айт мерекесіне дайындық аясында әйел-қыздар ұстазы Арманқызы Назерке тарапынан жамағатқа уағыз-насихат жүргізілді. Насихат барысында Құрбан айттың маңыздылығы, айт күндерін сауапты әрі өнегелі өткізу жайлы пайдалы мәліметтер айтылды.
Сонымен қатар, мереке қарсаңында мешіт аумағында тазалық шарасы ұйымдастырылып, жамағат бірлесе еңбек етті. Бұл игі шара — тазалыққа, ауызбіршілікке және қасиетті мерекеге деген құрметтің көрінісі.
Алла Тағала барша жасалған игі амалдарды қабыл етсін!





