Skip to content

Қарағандыда «MUNARA TV» телеарнасының жаңа маусымдағы жобаларын талқылау жиыны өтті

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды қаласында «MUNARA TV» телеарнасының жаңа маусымдағы жобаларын талқылауға арналған жиын өтті.

Басқосуға телеарна директоры Болат Көкенайұлы, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша Бас имамы Естай Айтуғанұлы және арнаның жауапты мамандары қатысты.

Жиын барысында ізгілік пен руханият құндылықтарын кеңінен насихаттауға бағытталған жаңа жобалар жан-жақты қарастырылып, тың ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, «Отбасы кодексі», «Салиқалы сұқбат», «Күй күмбірі», «Баталы ел», «Алашқа адал кәсіп», «Дін мен дәстүр», «Сәті түскен сұқбат» бағдарламаларының тұжырымдамасы таныстырылып, олардың қоғамдағы тағылымдық мәні ерекше атап өтілді.

Кездесу қорытындысында телеарна директоры Болат Көкенайұлы өңірдегі мамандарға алдағы жұмыстарында табыс тілеп, ақпараттық-ағартушылық бағыттағы жобалардың маңыздылығына тоқталды.

Аталған жиын – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, рухани мазмұндағы сапалы медиажобаларды дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың көрінісі.