Skip to content

ҒАСЫР ЖАСАҒАН ӘЖЕГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Еңбекші ауданына қарасты Абдулабад елді мекенінде ғасыр жасаған әжеге құрмет көрсетілді. Аудан бас имамы Орын Ербосын ақжаулықты ананы, 9 мамыр — Жеңіс күнімен құттықтады.

Асланова Фарохсий әже 1922 жылы Түркістан өңіріндегі Абдулабад елді мекенінде дүниеге келген. Отбасында 9 бала тәрбиелеп өсіріп, «Батыр ана» атағына ие болған.
Бүгінде Фарохсий әженің әулетінен 32 немере, 81 шөбере тараған. Мереке қарсаңында аудан бас имамы ақжаулықты анаға құрмет көрсетіп, ізгі тілектерін жеткізді.