Skip to content

«Дәстүр және отбасы » бағыты бойынша Қазақ халқының ұлттық дәстүрі – тұсау кесер рәсімі өтті

Шымкент қаласы Сейітжан қари мешітінде «Ислам және адал қоғам» жылы аясындағы «Дәстүр және отбасы » бағыты бойынша қазақ халқының ұлттық дәстүрі – тұсау кесер рәсіміне арналған тағылымды іс-шара өтті.

Шара барысында Ислам дініндегі бала тәрбиесінің маңыздылығы кеңінен насихатталып, ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі жайлы әсерлі уағыз айтылды. Сонымен қатар, қазақ халқының салт-дәстүріндегі тұсау кесердің мәні, тәрбиелік маңызы мен шариғатқа қайшы келмейтін тұстары жан-жақты түсіндірілді.

Іс-шара барысында Ескендір балапанымыздың тұсауы кесіліп, ақ жаулықты әжелеріміз ақ баталарын берді. Шашу шашылып, келген қонақтарға сыйлықтар үлестіріліп, ізгі тілектер айтылды.

Шара соңында қасиетті Құран хатым дұғасы жасалып, ата-баба рухтарына бағышталды. Сондай-ақ, еліміздің амандығы мен жеріміздің тыныштығы, жас балапанымыздың иманды, саналы ұрпақ болып өсуі үшін дұға жасалды.