Skip to content

Брайль әдісі арқылы білім алып жүрген шәкірттерге тәж кигузі кеші өтті

Шымкент қаласы Есжанұлы Сейітжан қари мешіті мешітінде ерекше рухани кеш ұйымдастырылып, брайль әдісі арқылы білім алып жүрген шәкірттер Құранға түсіп, арнайы тәж киді.

Игі шара барысында Шахсанам Шавкатқызы, Ұлбике Нұрланқызы, Бағжан Әсетқызы, Рабиға Ермекбайқызы және Зияда Мұратқызы қасиетті Құранды оқып, жамағаттың ықыласына бөленді. Құранға түскен шәкірттерге құрмет ретінде арнайы тәж кигізіліп, рухани қуаныш сыйланды.

Шәкірттерге діни білім мен Құран әліппесін үйретуде ұстаздар Зейнеп ұстаз бен Мамура ұстаздың еңбегі ерекше аталып өтті. Ұстаздардың табандылығы мен шәкірттердің ынта-жігері — рухани білімнің адам өміріндегі маңызын айқын көрсеткен тағылымды үлгі болды.

Кештің мақсаты — Құранға деген сүйіспеншілікті арттыру, рухани білімге қолдау көрсету және қоғамда мейірім мен жанашырлық құндылықтарын насихаттау.

Іс-шара соңында шәкірттерге құрмет көрсетіліп, жиналған жамағат жүрекжарды тілектерін білдірді.