Skip to content

АСТАНАДА САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Сарапшылар кеңесінің X кезекті мәжілісі өтті.

Жиынға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Әли және сарапшылар кеңесінің мүшелері қатысты.

Мәжіліс барысында Діни басқарманың 2025-2026 жылдары атқарған жұмыстары туралы арнайы дайындалған бейнеролик ұсынылды. Сондай-ақ жиын барысында қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайтудағы заңнаманың маңызы, ҚМДБ-ның ислам құндылықтарына негізделген «Адал қоғам» тұжырымдамасы, жасанды интеллект технологияларына негізделген «Imam AI» мобильді қосымшасының жобасы және Қазақстандағы ислам қаржы секторының даму мүмкіндіктері тақырыптарында баяндамалар жасалды. 

Сонымен қатар жиын аясында сарапшылар тарапынан маңызды сұрақтар қойылып, қатысушылар өзара пікір алмасып, көтерілген мәселелер төңірегінде ой-пікірлерін ортаға салды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша ұсыныстар жинақталып, алдағы жұмыс жоспарына енгізілетін болды.