Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ

Шымкент қаласының Қайтпас елдімекенінде орналасқан «Қасірет» мемориалында 31 мамыр – ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы өтті.
Шара аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің игі бастамасымен қала мешіттерінде бесін намазынан кейін арнайы қасиетті хатым Құран тіләует етілді.
Мұнымен қатар, уағыз-насихат айтылып, шара соңында дұға жасалды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі