Skip to content

Сейітжан қари мешітіндегі берекелі Құрбан айт

Сейітжан қари мешітінде айрықша мерекелік рух сезілді. Айт намазына жиналған әйелдер жамағатының қарасы қалың болды. Мешіт шәкірттері де сауапты істен қалыс қалмай, келген жамағатқа көже мен бауырсақ таратты. Бұл жай ғана дәм емес, мұсылман бауырлар арасындағы сыйластықтың белгісі. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Тамақ беріңдер және танысаңдар да, танымасаңдар да сәлем беріңдер», – деп өсиет еткен. Шәкірттердің бұл ықыласы мешіт айналасын шуаққа бөледі. Айт намазынан кейін жамағат бір-бірін құшақ жая құттықтап, ақ тілектерін жаудырды. Алла Тағала осындай игі амалдарды қабыл етіп, бірлігіміз бен берекемізді арттырсын. Айт мерекесі әр шаңыраққа қуаныш пен мейірім алып келсін.