Ел тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары қоғам өмірінде діннің рөлі ерекше мәнге ие болды. Діннің мәртебесі мен беделі көтеріліп, дінге сенушілердің саны арта бастады. Сонымен бірге терроризм мен экстремизмге үгіттейтін күштер мен көптеген жат ағымдардың да тарап кеткені белгілі. Қазір елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Олардың бәрін бір мақсат пен ортақ мүдде біріктіріп, топтастырып, ауыз біршілігін күшейтіп отыр. Алайда, еліміздегі осыншалықты тындырымды тірліктерімізге кедергі жасап, түрлі іс-әрекеттерімен жұртшылықты, соның ішінде жастарды адастырып жүрген жат діни ағымдардың да барлығын айтуға міндеттіміз. Жат діни ағымдар қоғамға, ортаға, соның ішінде жастарымызға ерекше әсерін тигізіп, үнемі адастыру жолында келеді. Соның кесірінен көптеген отбасылардың ажырасуы көбейіп, әр-түрлі дінді ұстанудың нәтижесінде бақытты отбаслар екіге айырып жатыр.
Қазақ даласында ханафи мәзһабы салт-дәстүрлерімізбен сабақтасып кең етек жайған. Қазақ осы мәзһабты ұстана отырып өзінің әдет-ғұрпын да сақтап , намазында оқи отырып,қымызын да ішкен, оразасында ұстап, бәйгеде ат шаптырған. Бір Аллаға дұға ете отырып баласының тұсауын да кескен, Аллаға сәжде ете отырып,келініне құрмет ретінде сәлем де салдырған, азанын шақыра отырып домбырасын да тартқан. Осының бәрі ұлттық келбетімізді сақтап, дінімізді қорғау болып саналған. Біз шариғат пен дәстүрді сабақтастыра білген халықпыз. Солардың арқасында бізде ешқашан да діни алауыздықтар, келіспеушіліктер болмаған.
Тазалық пен бейбітшілікті ұстанған дініміз адам баласына имандылықты, кешірім мен келісімді, шапағат пен мейірімді, қанағат пен рахымды, адамгершілікті насихаттайтындықтан мұсылманға көптеген жауапкершіліктерді жүктейді. Соның ішінде шынайы дінімізді насихаттау, халықты дұрыс жолға шақыру – басты міндеттердің бірі. Бүгінгі таңда ел мұсылмандарының орталығына айналып отырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тарапынан ел бірлігі, ішкі саяси біртұтастық мәселелері басты орындарға қойылып, тиісті деңгейдегі жұмыстар жүзеге асырылуда.
Қазақ даласында ханафи мәзһабы салт-дәстүрлерімізбен сабақтасып кең етек жайған. Қазақ осы мәзһабты ұстана отырып өзінің әдет-ғұрпын да сақтап , намазында оқи отырып,қымызын да ішкен, оразасында ұстап, бәйгеде ат шаптырған. Бір Аллаға дұға ете отырып баласының тұсауын да кескен, Аллаға сәжде ете отырып,келініне құрмет ретінде сәлем де салдырған, азанын шақыра отырып домбырасын да тартқан. Осының бәрі ұлттық келбетімізді сақтап, дінімізді қорғау болып саналған. Біз шариғат пен дәстүрді сабақтастыра білген халықпыз. Солардың арқасында бізде ешқашан да діни алауыздықтар, келіспеушіліктер болмаған.
Тойшиев Нұртаза,
Шымкент қаласының дін істері
басқармасы «Дін мәселелерін
зерттеу орталығы» КММ-нің
теолог маманы.