Skip to content

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП – 2025: ҚМДБ-НЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2025 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі ақпараттық кеңістікте ауқымды жұмыс атқарып, ресми сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы миллиондаған адамды ресми әрі сапалы ақпаратпен қамтыды.

Жыл басынан бері muftyat.kz ресми сайтында 1 500-ден астам жаңалық жарияланды. ҚМДБ қызметін насихаттауға бағытталған 20-дан астам сайт тұрақты жұмыс істеді. Өңірлік өкілдіктерге қарасты интернет-ресурстарда 30 мыңға жуық материал жарық көрді. Ал ресми сайтты бір жыл ішінде 4 миллионнан астам адам қараған.

Instagram парақшасында жыл ішінде 820 жарияланым жарық көрді. Оның 413 Reels және 407 фото пост форматында. Reels форматындағы контент көлемі өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға артты. Ал жылдық қамту көрсеткіші (охват) 2024 жылмен салыстырғанда 620 пайызға өсті. Сонымен қатар парақшаға бір жыл ішінде 23 мың жаңа оқырман тіркелді.

TikTok платформасында 566 бейнематериал жарияланып, оқырмандар тарапынан 200 мың лайк, 8 754 пікір және 36 мың репост тіркелді. Жыл қорытындысында жазылушылар саны 56 364-ке жетіп, таза өсім 14 мың адамды құрады.

YouTube арнасында бір жылда 144 контент жарық көрді. Оның ішінде 125 бейнематериал, 13 Shorts және 6 тікелей эфир бар. Жалпы қаралым уақыты 225 100 сағатты құрады. Жаңа оқырмандар саны 13 700 болды.

14 наурызда іске қосылған WhatsApp арнасының жазылушылары 11 мыңға жетіп, соңғы жартыжылдықта белсенділік 244,6 пайызға артты. Қосымша Instagram арнасында 9 400 жазылушы бар, орташа белсенділік 315 092, жарияланым саны 1 000-нан асты.

Сонымен қатар Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен тұрақты әріптестік орнатып, жыл бойы өзге БАҚ өкілдерінен келіп түскен 200-ден аса сұранымдарға жауап беріп, ҚМДБ қызметіне қатысты баспасөз хабарламалары, сұхбаттар, түсіндірме материалдар мен ресми мәлімдемелердің кеңінен жариялануын қамтамасыз етті. Телерадио және интернет-басылымдарда ҚМДБ қызметін қамтыған материалдар тұрақты түрде жарық көрді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *