Skip to content

Жетісу: Республикалық Құран жарысына іріктеу өтті

ҚМДБ Жетісу облысы бойынша өкілдігінде ХІV республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы ұйымдастырылды.

Қасиетті Құран Кәрімнен өткен бұл сайыс 30 пара, 20 пара, 10 пара жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша өтті. Сайыс нәтижесінде ХІV республикалық Құран жарысына жолдама алған жеңімпаздар анықталды. Атап айтқанда: Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа оқу бойынша: 1 орын – «Бурибаев Алиби Ғабитұлы», 2 орын – Илхамжанов Абдулазиз, 3 орын – Абдукаюмов Садриддин; 20 пара бойынша: 1 орын – «Сәндібек Азиз», 2 орын – Алғабас Ернар, 3 орын – Ирисмухаммад Мумлим; 10 пара бойынша: 1 орын – «Алайдар Бекболат Мұхтарұлы», 2 орын – Асыланбекұлы Әділет, 3 орын – Құдайқұл Нұрахмет;

Мәнерлеп оқу бойынша: 1 орын – «Жарқынбекұлы Бақберген», 2 орын – Абисов Абдулла, 3 орын – Набижанов Омар.

Жарыс соңында Жетісу облысының Бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы және қазылар алқасы мүшелері – қари Бақытжанұлы Ақжолтай, қари Асқар Серікбек, қари Әбіләкімұлы Ибрахим – жарысқа қатысқан қариларға және шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, республикалық байқауға жолдама алған жеңімпаздарға сәттілік тіледі.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *