Skip to content

Жетісу: Құрбан айтқа дайындық жұмыстарын пысықтады

Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы мұсылман жұртшылығы үшін ұлық мерекелердің бірі – Құрбан айтқа дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында қала және аудан имамдарына арнайы жиын өткізді.

Жиын барысында ҚМДБ тарапынан бекітілген талаптар мен ұсыныстар негізінде Құрбан айт мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары таныстырылып, нақты тапсырмалар жүктелді.

Атап айтқанда, құрбан шалынатын орындардың санитарлық талаптар мен ветеринарлық ережелерге сай болуын қамтамасыз ету, Құрбан айт күндері өтетін діни рәсімдердің жүйелі әрі талапқа сай ұйымдастырылуын қадағалау, сондай-ақ ҚМДБ бастамасымен ұйымдастырылатын дәстүрлі «Имани жаз–2025» жазғы діни сауат ашу курстарын жоғары деңгейде өткізу бойынша нақты міндеттер жүктелді.

Сонымен қатар, мерекеге орай облыстық, қалалық және аудандық мешіттер аумағында салт-дәстүрімізге сай түрлі рухани-мәдени іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Атап айтқанда, ұлттық ойындар өткізу, қарттар үйі мен жетімдерге құрбандық етін тарату, әйел жамағатының қатысуымен қайырымдылық жәрмеңкелерін өткізу жоспарланған.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *