Skip to content

Жетісу: Имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинар басталды

Жетісу облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни оқу-ағарту бөлімінің жоспарлы семинары басталды.

Талдықорған қаласында ұйымдастырылған семинардың алғашқы сабағын облыстың бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы жүргізіп, қатысушыларға тағылымды дәріс оқыды.

Бір аптаға жоспарланған семинар аясында дін қызметкерлері фиқһ, ақида, Құран, қабылданған құжаттар және өзге де бағыттар бойынша білімдерін жетілдіреді. Сонымен қатар, қатысушылардың білімін бағалау мақсатында қорытынды емтихан тапсырылады.

Айта кетейік, бұл семинар ҚМДБ тарапынан дін мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру және бірізділікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *