
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры жүзеге асырып келе жатқан «Ел үлесі – пәтерге» жобасының 866-баспана кілті Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Ақын Сара ауылының тұрғыны — былтыр үйі өртеніп, әлеуметтік көмекке мұқтаж болған Арымбекқызы Гүлімай анамызға табысталды.
Игі істің жалғасы ретінде жомарт жандардың қолдауымен аталмыш ауданның Қайнарлы ауылдық мешітіне қызметтік үй ретінде арналған «Ел үлесі – пәтерге» жобасының 867-баспана кілті ауыл имамына ресми түрде берілді.
Қайырымдылық шарасына ҚМДБ Жетісу облысы бойынша өкіл имамы Керімбек Сәрсембайұлы арнайы қатысып, қос қуаныш иелерін құттықтап, өз атынан да жаңа қоныстарға сый-сияпат табыс етті.
