Skip to content

ЖАСТАР СЕКТОРЫ ЖАСТАРДЫ КІТАП ОҚУҒА ҮНДЕП КЕЛЕДІ

Бүгін Шымкент қаласы, Тұран ауданы Жастар ісі секторының жетекшісі Жолдасов Ақылжан имам “Нұр төбе” мешітінде “Бір айда бір кітап” жобасы аясында жастармен “Ислам әдептерінің энциклопедиясы” рухани кітабын талқылап, жан-жақты түсіндірілді.
Жастар жағы өздерінің сұрақтарын қойып тұшымды жауап алды. Бұл шара ай сайын өткізіліп келеді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі