Бүгін Шымкент қаласы, Тұран ауданы Жастар секторы , Нұр Төбе мешіті мен Зекет қорының қатысуымен қайырымдылық шарасы өтті.Игі шара барысында демеушілік көмек көрсеткен кәсіпкерлерге шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының атынан алғыс айтып ризалық білдірілді . Ай сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын игі шара бұл жолы Рамазан айының құрметіне әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы 30 отбасыға азық-түлік таратылды.Қайырымдылық шарасына қолдау көрсеткен азаматтарға Алланың нұры жаусын!
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі






