Шымкент қаласының бас имамы Бағдаулет қажы Нұрматұлының бастауымен, Рамазан жоспарына сәйкес Шымкент қаласы , Абай ауданы , Әскерұлы Асқар қажы мешітінде ,, Рамазан Құран айы “ тақырыбы аясында Құран кәрімнің 30- шы парасын жатқа оқудан шәкірттер арасында жарыс болып өтті .
Аталмыш шараға Шымкент қаласының бас имам орынбасары Жастар ісі секторының қала бойынша жауаптысы Қарабеков Әзімбек қари қатысып шәкірттерге Қала бас имамы Бағдаулет қажы Нұрматұлының ыстық сәлемін жеткізіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Құранды жатқа және мәнерлеп оқудан үздік болғандарды мешіт имамы Сатыбалды Асқарғали марапаттап, қатысқан барша шәкірттерге ,, Рамазан тәттісі” үлестірілді .
Осынау игі шараға дүниесімен дұғасымен атсалысқан баршаға Алла екі дүние бақытын нәсіп етсін.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі







