
Тараз қаласындағы «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешітінде ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XIV республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті.
8-26 жас аралығындағы 55 үміткер төрт аталым бойынша бақ сынады. Сайыс нәтижесінде: 30 пара бойынша – 1 орын: Хусей Расул, 2 орын: Салим Усыров, 3 орын: Ислам Юнсуович. 20 пара бойынша – бас жүлде: Мұстафа Бақытжанұлы, 2 орын: Мұхаммед Джумаев, 3 орын: Билал Хусей. 10 пара бойынша – 1 орын: Саят Жеңіс, 2 орын: Қасым Бекзатұлы, 3 орын: Мухаммедэмин Яров жеңіп алды.
Сайысты ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Серік Ахметов, облыстың Бас имамы Асқар Зәкіржанұлы және тәжірибелі ұстаздар қазылық етіп, қатысушылардың тәжуид ережелерін сақтауы мен дауыс мәнеріне назар аударды.
Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Бас имам қазыларға шапан жауып, жас қариларға сәттілік тіледі.