Жамбыл облысының Бас имамы Асқар Зәкіржанұлы облыстық «Әжелер алқасымен» арнайы кездесіп, әжелер мектебінің қоғамдағы орны мен тәрбиелік маңызы жайында тағылымды сұхбат құрды.
Кездесу барысында ұлттық салт-дәстүр мен діни құндылықтарды ұштастыра отырып, ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосып жүрген ақ жаулықты аналарға алғысын білдіріп, ақ батасын алды.
Сондай-ақ, жиын еркін сұхбат формасында өтіп, әжелеріміздің өмірлік тәжірибесіне ерекше құрмет көрсетілді. Бұл кездесу имандылық пен ізгілікті насихаттауда маңызға ие шара ретінде бағаланды.