
2025 жылдың 19 қаңтар күні Шымкент қаласының дін істері басқармасының бөлім басшысы Ғ. Сарманов, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары Е. Кузенбаев және бөлім басшысы Ғ. Мырзашев «Шымкент медресе» колледжінің қыздар бөліміне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, 2 қабаттан тұратын оқу ғимаратының жатақханасы мен асханасының қазіргі таңдағы тыныс-тіршілігімен толық танысты.
Сонымен қатар, 2500 кітаптан тұратын кітапхана қорындағы кітаптар да назардан тыс қалмады.
Оқу орнын аралағаннан кейін оқытушылармен пікір алмасып, білім сапасын көтеруге қатысты қабылданатын іс-шаралары мен алдағы жұмыс жоспарларына талдау жүргізілді.
Дін істері басқармасының бөлім басшысы Ғ. Сарманов тарапынан мекеме директоры Т. Әсембайға ұсыныстары жеткізілді.
Діни тұрақтылықты қамтамасыз етудегі білікті дін мамандарының маңыздылығы туралы және дін мамандарына сапалы білім беру, олардың бойына ұлттық құндылықтарды және адамгершілік, мейірімділік, үлкенді құрметтеу сынды асыл қасиеттерді сіңірудегі ұстаздардың рөлі де айтылды.