Шымкент қаласындағы Сейітжан қари мешіті қабырғасында бес парыздың бірі — зекет тақырыбында тағылымға толы ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында зекеттің тек діни міндет қана емес, қоғамдағы әлеуметтік теңдікті қалыптастыратын, дүниені берекелендіріп, мал-мүлікті тазартатын ұлы ғибадат екені кеңінен түсіндірілді. Зекеттің материалдық әрі рухани пайдасы, кімдерге парыз болатыны, оны орындамаған адамның ақыреттегі жауапкершілігі әсерлі мысалдармен баяндалды. Сондай-ақ қасиетті Рамазан айында жасалған әрбір ізгі амалдың сауабы еселеніп жазылатыны ерекше атап өтілді.
Шәкірттер көкейлеріндегі сұрақтарына тұщымды жауап алып, рухани білімдерін толықтырып, үлкен әсермен тарқасты



