Skip to content

VI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЗАНШЫЛАР ЖАРЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай Қарағанды қаласында өткен «Әдемі әуезді азаншы» VI республикалық байқауы өз мәресіне жетті.

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Астанадан келген Базархан Қайнаров иеленді. Екінші орынды Батыс Қазақстаннан Асхат Асылбеков, үшінші орынды Алматы қаласының өкілі Баубек Берліғалиұлы жеңіп алды.

Саламат Насихатұлы (Атырау) мен Асылтемір Абдулла (Шымкент) ынталандыру сыйлығына, ал Сағындық Ахмедиянов (Ұлытау) көрермен көзайымы атанды.

Жеңімпаздарды ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марапаттап, арнайы жүлделер табыстады:
1-орын – 800 000 тг
2-орын – 600 000 тг
3-орын – 400 000 тг

Ынталандыру – 150 000 тг (екеу)

Көрермен көзайымы – 100 000 тг

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *