Skip to content

Ұлытауда республикалық азаншылар жарысына іріктеу өтті

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ұйымдастырылған «Әдемі әуезді азаншы» VІ республикалық жарысына дайындық аясында Ұлытау облысы бойынша іріктеу сайысы өтті.

Сайыс Сәтбаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінде ұйымдастырылды. Нәтижесінде, Сәтбаев қалалық «Сәдуақас Ошақұлы» мешітінің бас имамы Сағындық Ахмедиянов 1-орын иеленіп (70 000 тг), республикалық кезеңге жолдама алды. 2-орынды (50 000 тг) Жәйрем кенті мешітінің наиб имамы Азамат Жайлаубаев, 3-орынды (30 000 тг) Ұлытау облыстық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінің ұстазы Шалқар Құрбанбек иеленді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *