
Сәтбаев қаласында Мәуліт мерекесіне орай тағылымды рухани кеш өтті. Игі шараны «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешіті, «Сәдуақас Ошақұлы» мешіті және «Бірлігі жарасқан жамағат» еріктілер тобы бірлесіп ұйымдастырды.
Кеш Құран Кәрім оқылуымен басталып, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мәуліт шариф оқылды. Шарада Ұлытау облысының бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы жамағатты мерекемен құттықтап, жүрекжарды тілегін білдірді. Сондай-ақ, Елдос ұстаз мазмұнды уағыз айтып, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірін үлгі етті.
Бағдарлама барысында жамағат арасында «Kahoot» платформасы арқылы викториналық сұрақтар ойнатылды. Кеш соңында белсенді жамағат мүшелері алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды. Екі азаматқа Умра қажылығына жолдама табысталды. Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 50 қайырымдылық қоржыны үлестірілді.