Skip to content

УАҒЫЗШЫ ИМАМДАРҒА ТИІСТІ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Мекке қаласында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бекітуімен қажылықты ұйымдастыратын 15 туроператорға бөлінген уағызшы имамдарға арналған жиын өтті.

Басқосуға наиб мүфти, Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы Кенжетай Байкемелұлы, Бас мүфти кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы, сондай-ақ Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің өкілі Ерлан Есбергенов пен миссияның уағыз-насихат жұмыстарына жауапты қызметкері Батыржан Берденұлы арнайы қатысты. Алдымен Кенжетай Байкемелұлы уағызшы имамдардың негізгі міндетіне тоқталып, қажыларға көрсетілетін қызметтің жоғары деңгейде болуы керектігін еске салды. Ал ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы мүфтият бекіткен имамдар қажыларымызды толық қамтып, елден шыққан сәттен бастап әуежайда, ұшақта, Жидда-Мекке, Мәдина-Мекке бағытындағы автобуста да, қазіргі уақытта қонақүйлердің намазханаларында уағыз айтылғанын жеткізді. Бір апта ішінде имамдар қажылықты өтеу тәртібі, үлкен құлшылықтың рухани сырлары сынды тақырыптарда барлығы 100-ден аса уағыз айтқан.

Бірер күннен кейін үлкен қажылық рәсімдеріне орай қажылар Мина жазығына, Арафат аймағына қарай жолға шығады. Осы ретте Қажылық миссиясы тарапынан уағызшы-имамдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, қажылық сапарында қажылардан келіп түскен әртүрлі сауалдарға миссияның сұрақ-жауап бағытына жауапты Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі жауап беруде. Ал 15 туроператорға Діни басқарма тарапынан 15 уағызшы имам бөлінген.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *