Skip to content

ТҮРКИЯДА ПӘТУА КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркияның Ыстамбұл қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысына ҚМДБ тарапынан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары Медет Құрмашұлы мен Бауыржан Абдуалиев қатысты.

Басқосуға жиналған ғалымдар мен пәтуаға жауапты мамандар «Қажылыққа махрамсыз бару» , «Қази арқылы ажырастыру үкімі», сондай-ақ отбасы және медицинаға қатысты т.б. мәселелерді жан-жақты талқылады.

Отырыс соңында әр тарап алдағы уақытта күн тәртібіне қойылатын тақырыптар ұсынды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *