Skip to content

Түркістанда «Халал – шариғат талабы» тақырыбында семинар өтті

Түркістан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен қала, аудан бас имамдарына арналған «Халал – шариғат талабы» тақырыбында оқу-семинар өтті.

Семинарда облыс бас имамы Ержан қажы Сматұлы Төлепов дәріс оқып, халал өнім өндіру, сертификаттау үдерісі және шариғат талаптары жайлы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның 35 жылдығына орай әр өңірде кемінде бес мекемеге «Халал Даму» сертификатын алу тапсырылды.

Жиын барысында имамдар сұрақтар қойып, халал өндірістің ерекшеліктері мен талаптары жайлы жан-жақты мәлімет алды. Семинар соңында бас имам жергілікті деңгейде тұрақты түрде насихаттық іс-шаралар жүргізуді тапсырды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *