
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында 2025 жылдың 4-5 қазан күндері қасиетті «Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша ХІV республикалық байқау» өтеді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жылдағы дәстүр бойынша ХІV Республикалық Құран байқауын 4-5 қазан күндері Талдықорған қаласында өткізуді жоспарлап отыр.
Байқау Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша өтеді.
Құран байқауына қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Құранды қатесіз жатқа және тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
- үміткер өз облысындағы алдын ала іріктеу сайысында 1-орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;
- толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер Республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;
- үміткер ҚР ер азаматы болуы керек;
- үміткердің 30 жастан аспаған болуы керек;
- үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін:
- Облыс Бас имамының ұсыныс хаты;
- Үміткердің анкетасы;
- Жеке куәлік көшірмесі;
- Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі талап етіледі
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі.
Номинациялар:
- Толық Құранды жатқа оқудан;
1-орын авто көлік
2-орын (4 000 000 тг.)
3-орын (3 000 000 тг.)
4-орын (1 500 000 тг.)
5-орын (1 000 000 тг.)
- Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша;
1-орын (3 000 000 тг.)
2-орын (2 000 000 тг.)
3-орын (1 500 000 тг.)
4-орын (800 000 тг.)
5-орын (500 000 тг.)
- Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша;
1-орын (1 500 000 тг.)
2-орын (1 000 000 тг.)
3-орын (750 000 тг.)
- Құранды мәнерлеп оқу бойынша;
1-орын (700 000 тг.)
2-орын (500 000 тг.)
3-орын (300 000 тг.)
Жарысқа қатысып, жүлде алмаған 64 үміткердің әрқайсына 70 000 теңгеден беріледі.