Skip to content

“Талақ мәселелерін дұрыс талқылау және пәтуа бөліміне жолдау” атты тақырыпта баяндама жасалды

ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігі Бақдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасымен Әл-Фараби аудандық Ордабасы мешітінде “Имамдардың діни біліктілігін арттыруға арналған көшпелі семинар” өтті. Шара барасында ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша шариғат және фәтуа бөліміне жауапты Исламқұл Иманқұлұлы “Талақ мәселелерін дұрыс талқылау және пәтуа бөліміне жолдау” атты тақырыпта баяндама жасады. Бұл үкімдер шариғатымызда өте күрделі мәселе екенін айтып, түйінді мәселелерді фәтуа бөліміне жолдау керектігі түсіндірілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *