Skip to content

Шымкенттік зиялы қауым өкілдері Маңғыстаудағы қасиетті орындарға зиярат етті

Шымкент қалалық «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімінің ұйымдастыруымен және қала әкімдігі мен ардагерлер кеңесінің қолдауымен Маңғыстау өңіріндегі киелі орындарға рухани сапар ұйымдастырылды.

Саяхатқа ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, қоғам қайраткері Бекет Тұрғараев, жазушы Бекшүкір Қарашалов, ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қатысушылар Ақтау қаласындағы Әбіш Кекілбаев мұражайына, сондай-ақ Шопан ата және Бекет ата кесенелеріне зиярат жасап, Хатым Құран бағыштады.

Рухани сапар барысында дін мен дәстүр, тарих және зиярат мәдениетіне қатысты мол мағлұматтар айтылып, қатысушылар ерекше әсермен оралды.

Айта кетейік, сапарға қолдау көрсеткен Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесіне, Жаңаөзен қаласы әкімдігіне және «Сая» шипажайының басшылығына алғыс білдірілді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *