
Бүгін, қасиетті жұма күні Шымкент қаласында Имам Әл Матуруди атындағы жаңа мешіт салтанатты түрде ашылып, жамағат игілігіне берілді.
Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы арнайы қатысып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, жүрекжарды тілегін білдірді.
Бұл мешіт – тек құлшылық орны ғана емес, сонымен қатар діни-ағарту, рухани тәрбие, қайырымдылық пен мейірімділік орталығына айналуын көздейміз. Осы бағытта тұрақты түрде қызмет атқаратын болады. Мешітке келген адамның жүрегі тыныштық табады. Рухани немесе материалдық көмек іздеген жандар да осы жерден қолдау тауып жатса, үлкен сауап. Жаратушы Иеміз мешіттің құрылысына үлес қосқан барша азаматтарға мол сауаптан жазғай. Бұл – үзілмейтін сауапты амал, – деді қаланың бас имамы.
Айта кетейік, жаңадан ашылған бұл мешіт – Шымкент қаласындағы жүзінші мешіт болып тіркеліп отыр.