Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ ЖАМАҒАТҚА ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлы баяндамасы және Рамазан анықтамалығы жоспарына сәйкес Шымкент орталық мешітінде Жастар және отбасы құндылықтары туралы жамағатқа уағыз-насихат айтылды.
Уағызды Абай аудандық Кенесары хан мешітіның бас имамы Мұхамеджан Естеміров жүргізіп, уағыз барысында жастар әдебі мен отбасы құндылықтарын және ҚМДБ осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беріп өтті. Ұйымдастыру себебі, Жас отбасыларға дұрыс бағыт беру мақсатында жүргізілді. Осы бағыттағы уағыз- насихат жұмыстары барлық мешіттерде ұйымдастырылып келеді. Жалпы бүгінгі кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылады.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі