Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ ЖАМАҒАТҚА ДІН МЕН ДӘСТҮР КІТАБЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлы баяндамасы және оқу ағарту бағытының жоспарына сәйкес «Дін мен дәстүр ІІІ» кітабы насихатталды.
Игі шара ҚМДБ-ның Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың қолдауымен қолға алынды. Найб имам әрі дәстүр және отбасы бағыт жетекшісі Аманқұл Қажымұхан Асанұлы жамағатқа аталмыш кітапты таныстырып, шолу жасады.
Қатысушылар тарапынан көкейде жүрген сұрақтарына жауап берілді. Мұнымен қатар, аталған кітапты насихаттау мақсатында аудан бас имамы Мұхамеджан Естеміров мешіт имамдары мен жамағаты арасында түрлі деңгейдегі сайыстар ұйымдастыру туралы тапсырма берілгендігін атап өтті.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі